Аза малы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аза малы - дәстүрлі қазақ қоғамында қайтыс болған адамның үйіне басқа адамдар тарапынан қазаны атқаруға байланысты (ысқат, жерлеу, жетісін, қырқын, жылын атқаруға) кеткен шығындардың орнын толтыруға үлес ретінде берілетін мал мен дүние-мүлік.


Аза малына қолғабыс, жәрдем беру сияқты әрекеттер де кірді. Қаралы үйдің шығынын өлген үйдің жанашыр туыстары, құда-жекжаттары, дос-жаран, тамыр-таныстары көптеп көтеріп әкетеді. Ы.Алтынсариннің жазуына қарағанда, қаралы үйге дәулеті мен қайтыс болған адаммен арадағы байланысы мен сыйластығы, туыстығына қарай бата оқуға келгендер екі, үш, жеті, он жылқы немесе соншама түйе әкелді. Алыс-жақында тұратын туған-туыс, жанашыр ағайындары, достары болса, ысқатқа, жерлеуге шыққан шығын орнын толтыру үшін әркім өз мүмкіндігіне қарай бірнеше жылқы немесе түйе береді.

Ертеде азаға атан түйе, көбінесе жылқы беруге шамасы жетпегендер қой беретін. Бірақ, ешкі немесе сиыр малы берілмейді. Кедейлер болса мата берумен шектелетін. Ал, көңіл айтушылар мен қайғыға ортақтасқан көрші, ауылдас, жерлестер тарапынан материалдық көмек берудің бұл түрі мал немесе ақша түрінде болды. Сондай-ақ, осыған қоса ауылдастары аза шарасына байланысты ауыр жұмыстарды бөліп атқарды. Қазіргі кезде аталмыш ғұрыптық іс-шараларда берілетін мал мен мүліктің орнына көбінесе ақша жүреді. Қазақ қоғамында мейірімділікке, ізгілікке негізделген бұл салттың ағайын-туыс, ел-жұрттың ынтымағын сақтаудағы үлкен әлеуметтік мәні болды.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Аза малы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}