Азамат соғысы және 2 дүниежүзілік соғыс жылдарында қаза тапқандарға қойылған ескерткіш

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Азамат соғысы және 2 дүниежүзілік соғыс жылдарында қаза тапқандарға қойылған ескерткіш (Мәңгі алау) - Төле би және Сыпатай батыр көшелерінің қиылысындағы алаңда орналасқан. 1967 ж. Ұлы Қазан Социалистік Революциясының 50 жылдығы құрметіне орай орнатылған. Архитекторы К.Рахмати. Қаланың бас көшесі Төле би жағынан жақсы көрінеді. Негізгі композициялық акценті - биік қабырға. Оған қайғылы жағдайда төмен еңкейтілген ту мен сәйкессіз қойылған тікбұрышты плита түріндегі екі тас жалғастырыла қосылған. Барша композиция граниттен жасалған аласа табанға орнатылған, ал оның алдындағы баспалдақ алаңында бесбұрышты жұлдыз бен "Мәңгі алау" орналасқан. Ескерткіш бетон мен гранит блоктарынан тұрғызылған. Жалпы биіктігі 11 м. Негізгі қабырғаның жоғарғы жағында шағылысқан "СЛАВА" сөзі жапсырыла жазылса, қабырғаның басқа бетінде "Кеңес Өкіметі үшін, Отан үшін қаза болған жерлестерімізге" деген мәтін ойып жазылған.

Дереккөздер

<ref>"Тараз, Жамбыл облысы" энциклопедиясы, Алматы 2003</ref>