Азамат келбеті (жинақ)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Азамат келбеті - очерктер жинағы. «Қазақстан» баспасынан 1967 жылы қазақ тілінде жарық көрген. Авторы - С.Хайдаров. Жинақта еңбеккерлердің тұлғасы берілген. Очерктер егінші мен сауыншының, шопан мен жылқышының, ақын мен ғалымның жан дүниесін ашады. Автор Баянауыл баурайының, Қорғалжын және Ереймен атырабының тамаша табиғатын суреттейді. Академик Қаныш Сәтбаевтың жаркын бейнесі, сондай-ақ Социалдық Еңбек Ерлері Қ.Жәниевтің, А.И.Киреевтің тұлғасы, аудандық партия комитетінің хатшысы А.Төлеубаевтың қызметі орамды тілмен жазылған.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub