Азаматтық қорғаныстың халықаралық ұйымы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Уики Азаматтық қоғаныстың халықаралық ұйымы — 1931 жылы негізі салынған. «Женева аймағы қауымдастығының» базасында 1958 жылы құрылды. Ұйымның құрылуы 1966 жылғы 17 қазандағы халықаралық шартта жарияланды, ол 1972 жылғы 1 наурызда күшіне енді. АҚХҰ қызметі әртүрлі зілзалалар кезінде тұрғын халық пен материалдық құндылықтарды қорғау мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге бағытталған. АҚХҰ азаматтық қорғаныс бойынша ғылыми-зерттеу мен басқа да қызмет түрлерін жетілдіру мақсатында үкіметаралық ынтымақтастыққа жәрдем көрсетеді.<ref>Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс: Энциклопедиялық анықтамалық. / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы»,2011. – 640 б. Қазақша-орысша, орысша-қазақша.ІSBN 9965-893-69-1</ref> Үлгі:Бастама

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер