Азаматтық хал-ахуал

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Азаматтық хал-ахуал — арнаулы мемлекеттік органдарда міндетті түрде тіркелетін азаматтардың өміріндегі негізгі уақиғалар. “Азаматтық хал-ахуал” деп осы оқиғалар туралы жазбаны да атайды. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес мынадай Азаматтық хал-ахуалдар: 1) туу; 2) некеге тұру; 3) некені бұзу; 4) бала асырап алу; 5) әкелікті анықтау; 6) аты-жөнін, ныспысын өзгерту; 7) азаматтың қайтыс болу уақиғалары мемл. тіркеуге жатады. Азаматтық хал-ахуал құжаттары мен куәліктер осы жазбалардың негізінде беріледі.Азаматтық хал-ахуал жазбаларына қатысты тиісті мемл. органдар мен азаматтардың арасында дау туындаған ретте, оны сот арқылы шешеді. Азаматтық хал-ахуал актілерін ресімдеудің, сақтаудың, қалпына келтірудің және жоюдың т.б. тәртібі мен мерзімі арнаулы заңмен белгіленген.

Сілтемелер

“Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1 - том

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Азаматтық хал-ахуал|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}