Ажырғы (ағаш тақта)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ажырғы — ортасындағы ойығынан адамның қыл мойынына кигізіліп екі жағынан бекітілетін, иықтың үстінде тұратын ағаш тақта.

Қолданылуы

Қазақ ортасында ертеде ажырғы тұтқынды қашып кетпес үшін және оны азаптау үшін қолданылды. Қазақта «Қолын кісен жеген, мойнын ажырғы жеген құл» деген сөз соған байланысты айтылған. Ажырғының тең ажырғы, аумалы ажырғы деген түрлері болған. Манжциндіктердің ықпалында болған Шыңжан, Қобда қазақтарының ортасында болған қазақтар арасынан шыққан ақын Ақтан Бабиұлы ажырғы туралы былай дейді: Қылмысты жанның орыны, Аты жаман абақты. Көзір салып қолына, Ажырғысын артады. Арманына жеткізбей, Бейшараны атады.

Аумалы ажырғы салмағы біржағына ауып, ауған жағына адамның басын қисайтып тартып тұратын жазаның ең азапты, ауыр түрі. Адамның мойын омыртқасы қисайып ажырғы ұстайтын сабы бар, ағаштан, мүйізден ортасын кертіп, ара жүздерінің арасына салуға ыңғайлы етіп жасалады. Тең ажырғы салмағы екі иыққа тең түсетін, алға-артқа ауып кетпейтін, ойығы мойынды қажамайтындай кеңдеу етіп жасалады. Teң ажырғы өзінің тұтқын екеніне мойынсұнған, бірақ қожайынның сеніміне кірген адамның мойнына салынады. Осыған байланысты төмендегідей сөз орамдары сақталды. Мысалы, аумалы ажырғыда жүрмін деген сөз «жұмысқа енді ғана жалдандым, әлі сенімге кіре қойған жоқпын» дегенді, ал тең ажырғыдамын деген сөз болса «әлі жалданып жүрмін, бірақ қожайынның сеніміне кіріп, азғантай болса да жеңілдедім» дегенді білдіреді. Ескі Хорезм, Қытай, Иран сияқты ежелгі отырықшы, құлиеленуші елдерде азаптаудың бұл түрі кеңінен қолданылған. Ажырғының жауыры беріш болып адамның тәнінен ғана емес, абыройына да басылған таңбадай болып, мәңгі өшпей тұрады екен. «Мойнына мойын шалмаш ораған әділетті патша» атты қазақтың ескі аңызында алтын тақта мойнына шалғыш орап, берішін жасырған патша әлгіндей азаптан өтіп, әділетті болған адамның бейнесі түрінде сипатталады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ажырғы (ағаш тақта)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}