Ажыратқыштық шама

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ажыратқыштық шама, ажыратқыштық күш — оптикалық құралдардың объектіні бір-біріне өте жақын жатқан екі нүктесінің кескіндерін ажыратып көрсете алу мүмкіндігі. Екі нүкте кескіндерінің арасы біріге бастайтын яғни одан әрі оларды ажыратып көрсетуге болмайтын ең аз арақашықтық сызықтық (немесе бұрыштық) ажыратушегі деп аталады. Оған кері шама оптикалық құралдардың ажыратқыштық шаманың сандық мөлшерін білдіреді. Ажыратқыштық шама Рэлей критерийіне бағынады. Ол бойынша: бұрыштық ажырату шегі (дельта)ф = 1,21₰/D, ал сызықтық ажырату шегі (дельта)ф = 1,21₰/D, мұндағы ₰ — жарықтың толқын ұзынд., D — оптикалық жүйедегі шыны көзінің диаметрі, f — оптикалық құралдың фокус аралығы. Телескоптармен көру түтіктерінің ажырату шегі бұрыштық секундпен көрсетіледі және ол ៛140/D (егер ₰560 нм, ал D мм-мен көрсетілсе) формуласы бойынша анықталады.

Сілтемелер

“Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1 - том

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ажыратқыштық шама|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}