Адриан Лукьянович Цефт

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Цефт Адриан Лукьянович(15.2.1904, Павлодар — 26.2. 1971, Алматы) — металлург, тех. ғыл. докт. (1947), проф. (1948), Қазақстан ғылым академиясының акад. (1958; 1954 жылдан корр. мүшесі), Қазақстанның еңб. сің. ғыл. қайраткері (1961). Томскідегі Сібір технол. ин-тын бітірген соң (1928) Лениногор қорғасын з-тында (1931 жылға дейін), Свердловскідегі Орал индустрия ин-тында (1931 — 48) әр түрлі қызмет атқарды. 1948 — 51 ж. Қазақстан ғылым академиясының Металлургия және байыту ин-тында лаборатория меңгерушісі, 1951 — 58 ж. Иркутск тау-кен металлургия ин-тында проф., 1958 — 65 ж. Қазақстан ғылым академиясының Металлургия және кен байыту ин-тында директордың орынбасары, 1965 жылдан осы ин-ттың ауыр түсті металдар бөлімінің ғыл. кеңесшісі. Ц. — 130-дан астам ғыл. еңбектің авторы. Оның еңбектері Қазақстан кенін тиімді пайдалану, сирек металдар өндіру технологиясын дамыту, кешенді полиметалл кендерін қайта өңдеу, т.б. мәселелерге арналған.

Ciлтемелер :

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IX том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}