Адренергиялық нейроциттер

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Адренергиялық нейроциттер — қызметі симпатикалық жүйке жүйесі қызметіне сәйкес келетін гипоталамустын ортаңғы және артқы болімдеріндегі ішкінегіздік (медиобазальдық) және төмпектік (туберальды) ядроларды құрайтын майда мультиполярлы (көпөсінділі) нейроциттер. Бұл нейроциттер гипофиздің безді болігі — аденогипофиздің гормондар түзу процесін реттеп отыратын, қарапайым молекулалы олигопептидті аденогипофизотропты гормондар бөледі. Адренергиялық нейроциттер өз кезегінде аденогипофиздің гормондар бөлу қызметін күшейтетін — либериндерге және керісінше, аденогипофиздің гормондар бөлу қызметін баяулататын — статиндерге бөлінеді. <ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub