Адженция Национале Стампа Ассачата

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Адженция Национале Стампа Ассачата (Agenzia Nazionale Stampa Associata ANSA) - ақпарат агенттігі. 1945 жылы 13 қаңтарында итальян газет-журнал баспаларының кооперативтік бастамасымен негізі қаланды. Римде орналасқан. Жазылушыларға ішкі және халықаралық ақпарат таратады.<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: “ҚазАқпарат”,2009, 1-т. — 640 б.ISBN 978-601-03-0070-5</ref>.

Италияда АФП, ЮПИ және Рейтер агенттіктерінің ақпараттарын таратуға толық құқығы бар. 65 шетел ақпарат агенттіктерімен ақпарат алмасады. Италиядағы және шетелдегі 960 клиенттеріне қызмет көрсетеді. Италияда АНСА-ның ақпаратын 82 газет, 52 радио және теледидар станциялары, 18 агенттік және 479 абонент пайдаланады. Шетелдік 94 газетке, 15 радио және телекомпанияларға, 45 агенттік пен 175 басқа да абоненттерге итальян, испан, француз және ағылшын тілдерінде күнделікті ақпарат береді. Күнделікті арнайы бюллетеньдер шығарады және де елдің ішіндегі оқиғаларға шолу жасап, әдебиет, ғылым, техника, білім беру, автомобиль, сән салаларына байланысты материалдар жариялайды.

Судағы кемелерге радиотелеграф арқылы халықаралық сипаттағы хабар береді. Жеке фотоқызметі күніне 60-70 сурет таратады. Көптеген елдердің фотоақпарат және фотоқызмет агенттіктерімен фотоқызмет алмастырады. Күніне 600 мың сөз ақпарат таратады. Ішкі саяси ақпараттың жалпы көлемі 53%, халықаралық 30%, спорттық 10%, ал мәдениет саласындағы ақпарат 7%-ы кұрайды. АНСА Ассамблеясы жылына бір рет шақырылып, АНСА президенті мен Әкімшілігі кеңесін сайлау жүргізіледі. АНСА штатын шетелдегі тілшілер мен техникалық қызметкерлерді қоса есептегенде 830 адам кұрайды. Агенттік пен онын 18 бөлімшесінде 367 журналист, шетелде 52 тілшісі, ал Италияда және жергілікті жерде 54 тілшісі қызмет атқарады. Еуропа альянсындағы баспасөз агенттігі ЕААП-қа мүше. Via della Dataria 94, 00187 Rome; Tel: (6)6774310; Telex: 610242; Fax: (6) 6782408.

Дереккөздер

<references/> 

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}