Адарғы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Адарғы — өрмек жіптерінің астын-үстін көтере бөліп тұратын кергіш ағаш. Адарғы кепкен қатты ағаштан не тақтайдан жасалады, ұзындығы — 50, ені — 15, қалыңдығы — 2-3 см болады. Тақтайдың ортасы қалың, ал екі шеті жонылған болып келеді. Қырларына өрмек жібі сиятындай етіп жіңішке өзекшелер түсірілген.<ref>Бекмұрат Уақатов. Қазақтың тұрмыс-салт жырларының типологиясы. Алматы: Ғылым, 1983</ref>

Қолданылуы

Өрмек, кілем тоқуда қолданылатын, оның жіптерінің асты-үстін көтере бөліп тұратын аспап кепкен ағаштан жасалады. Екі жақ шеті жонылып, жүзі шығарылған, ортасы сәл дөңес, ені 20-25 см-дей тақтайдан жасалған өрмек жіптерінің жоғарғы және төменгілерін ауыстырып тұратын құрал<ref>Мұқанов С. Халық мұрасы. Тарихи- этнографиялык шолу. Таңдамалы шығармалар. XV том. Алматы: Жазушы, 1979</ref>.

Өрмек жіптері екіге бөлінеді: күзудегі жіп жоғары шығып, бос жіп күзудің астында қалады. Яғни екі жіп итіс-тартыс өзара айқас орналасады. Осы екі жіптің арасы 10-15 см қуыс болып келеді. Осы қуысқа қылыш өткізіледі. Содан кейін, жіптердің тиісті мөлшерін қолмен санап анықтап, алдыңғы жіптерді үстіне шығарып, үстіңгі жіптерді керісінше, жоғары шығарып, екі араға адарғы және онымен бірге бақылау жібі енгізіледі. Адар сөзі көне түркі тілінде кездеседі. Оның қазақша мәні - айыр, ажырату, бөлу. Ол туралы ауыз әдебиетінде: Ұршық пенен адарғы, Киіндірген бабамды, Бәсең ине, кесте біз, Келістірген ажарды, - деген жолдар кездеседі.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}