Адаптер, дыбыс қабылдағыш

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Адаптер, дыбыс қабылдағыш - 1) Жазылған дыбысты қайта шығаруға пайдаланылатын электромагнитті прибор. 2) Граммофон пластинкасына жазылған дыбысты радиоқабылдағыштың репродукторы арқылы өткізетін аспап. Ол граммофон пластинкасынын дыбыс жолы арқылы жүретін ине тербелісін электрлік тербеліске айналдырады. Электрлік тербеліс төменгі жиілік күшейткішінде күшейтіліп, дауыс күшейткіш көмегімен дыбысқа айналады. Дыбыс қабылдағыштың электромагниттік және электродинамикалық түрлері бар. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: “ҚазАқпарат”,2009, 1-т. — 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>.

Дереккөздер

<references/> 

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}