Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (2002)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Лауазым ҚР Президентінің 2002 ж. 19 қыркүйектегі Жарлығымен<ref>1 "Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымын қүру туралы" ҚР Президентінің 2002 ж.19 қыркүйектегі № 947 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002,30, 328-бап).</ref> қүрылды.
ҚР Президентінің 2002 ж. 19 қыркүйектегі Жарлығымен<ref>2Сонда. </ref> адам қүқығы жөніндегі уәкіл туралы ереже бекітілді.
Адам құқығы жөніндегі уәкіл — өз құзіреті шегінде адамның және азаматтардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдау өкілеттіктері берілген, адамның және азаматтың қүқықтары мен бостандықтарының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын лауазымды түлға.
Уәкіл өз қызметімен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын қолданыстағы мемлекеттік қүралдарды толықтырады. Уәкілдің қызметі ҚР Конституциясы мен заңнамасына сәйкес адамның құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын басқа мемлекеттік органдардың қүзіретін шектемейді.
Уәкіл өз қызметін жүзеге асыру барысында тәуелсіз.
Уәкілдің өкілеттік мерзімі — тағайындалған күннен бастап 5 жыл.
Уәкілетгі лауазымды тұлғалар мен ұйымдардан шағымдарды қарау үшін қажетті мәліметтер сұратуға; мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдар басшыларының және басқа да лауазымды тұлғалардың кідіріссіз қабылдауында болуға; адамның және азаматтың құқықтарының бұзылуымен байланысты анықтауға жататын мән-жайлар бойынша қорытынды дайындау үшін сарапшылық және консультативтік жұмыстарды орындауға шарт негізінде ұйымдар мен мамандарды тартуға; адамның және азаматгың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолдануға;қызметтік куәлігін көрсетіп мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, соның ішінде әскери бөлімдер мен құрамалардың аумағына және үй-жайларына кіруге және ол арада болуға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарына баруға, оларда ұсталатын адамдармен кездесіп, әңгімелесуге; іс-әрекеттері адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына әкеп соқтырған адамдарды заңмен белгіленген жауаптылыққа тарту туралы, сондай-ақ материалдық және моральдық зиянды өтеу шараларын қолдану туралы тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізуге; жүргізілген тексерулер нәтижелері бойынша бүқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарламалар жариялауға құқығы бар.
Уәкіл ҚР Президентінің, Парламентінің және оның депутаттарының, ҚР Үкіметінің, Конституциялық Кеңестің, Бас прокурордың, Орталық сайлау комиссиясының, ҚР соттарының іс-әркеттерімен шешімдеріне жасалған шағымдарды қарамайды.
Уәкілдің қызметін мемлекеттік мекеме болып табылатын Адам қүқықтары жөніндегі үлттық орталық қамтамасыз етеді. Үлтты қорталық Уәкіл қызметін ақпараттық-талдау, үйымдық-қүқықтық және басқа да қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
ҚР Президентінің 2002 ж. 10 желтоқсандағы Жарлығымен<ref>3 "Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықты құру туралы" ҚР Президентінің 2002ж. 10 желтоқсандағы № 992 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 45, 445-бап</ref> 3 Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық құрылды және ол туралы ереже қабылданды.
Ұлттық орталықтың негізгі міндетгері:адам құқықтары жөніндегі уәкілге адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыруда барынша жәрдемдесу; адам құқықтары жөніндегі уәкілдің адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру жөніндегі қызметін қамтамасыз ету; адам құқықтары жөніндегі уәкілге адам құқықтары мен бостандықтары, оларды қорғаудың нысандары мен әдістері саласындағы ҚР заңдарын жетілдіру, заңдарды халықаралық құқық қағидаттары мен нормаларына сәйкес келтіру, адам құқықтары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеуде жәрдемдесу; адам құқықтары мен бостандықтары саласында халықты құқықтық ағартушылыққа жәрдемдесу болып табылады.
ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қарашадағы Жарлығымен<ref>4 "Адамның және азаматтың конституциялық қүқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қарашадағы № 1474 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 47, 585-бап).</ref> 4 уәкілдің құқықтары толықтырылды: адамның мен азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіпте істі сотта қарауда қатысу; ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа немесе прокуратураға заңды күшіне енген сот шешімін, үкімін, соттың үйғарымын немесе қаулысын тексеру туралы қолдау-хатпен жүгіну; ҚР азаматтарының, шет ел азаматгарының және азаматтығы жоқ адамдардың шағымдарын қарау нәтижелері бойынша, сондай-ақ олардың қүқықтары мен бостандықтарының бүзылғаны туралы ақпарат өзге жолмен алған кезде осы мәселелер бойынша парламентттік тындаулар өткізу үсынысымен Парламент палаталарына жүгіну; адам қүқықтары жөніндегі халықаралық ұйымдардың, басқа да үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарының жүмыстарына қатысу.
Уәкілдің құқықтарының бірі жаңа редакцияда жазылды: адамның және азаматгың құқықтары мен бостандықтарын бұзған лауазымды түлғаға қатысты тәртіптік немесе әкімшілік іс қозғау туралы, сондай-ақ материалдық немесе моралъдық залалды өтеу шараларын қолдану туралы қолдаухатпен уәкілетті мемлекетті органдарға немесе лауазымды адамдарға жүгіну. Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.):<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}