Адам физиологиясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Адам физиологиясыбиологияның тірі организм мен оның жеке жүйелері, органдары, тіндері мен клеткалары қызметтерін (функцияларын) зерттейтін саласы.

Ол ғылыми бағытына қарай жалпы Адам физиологиясы, жеке Адам физиологиясы және қолданбалы Адам физиологиясы болып үш бөлімге, ал мақсатына, зерттейтін объектісі мен әдістеріне байланысты қалыпты Адам физиологиясы және патологиялық Адам физиологиясы. болып екіге бөлінеді.

Физиология туралы түсінік адамдарда өте ертеден тірі организмде болатын өзгерістерді бақылау арқылы қалыптасқан. Алғашқыда бірнеше ғасырлар бойы Гиппократтың (біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырда) және Аристотельдің (біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда) көзқарастары үстем болды. 1628 жылы ағылшын ғалымы У.Гарвей адам және жануарлардағы үлкен және кіші қан айналымдарын ашқаннан кейін физиологиялық ғылымы өз алдына дами бастады.

Орыс ғалымдары И.М.Сеченов және И.П.Павловтың физиологиялық процестерді жоғарғы жүйке жүйесі басқаратындығын дәлелдеуі физиолдағы жаңалық болып саналды.

Қазақстанда Адам физиологиясы мәселелері Х.Досмұхамедовтың, Х.Қ. Сәтбаеваның, Ж.Б.Нілдібаеваның, Ә.А.Өтепбергеновтің еңбектерінде баяндалған. Қазақстанда Адам физиологиясын зерттеу Қазақ медицина институтында (1931, қазіргі Қазақ мемлекеттік медицина университеті), ҚазМУ-да (1934, қазіргі ҚазҰУ) физиологиялық кафедралары және Қазақстан Ғылымдар Академиясының Физиологиялық институты (1944 жылға дейін КСРО ҒА Қазақ бөлімшесінің физиологиялық секторы) ашылғаннан кейін ғылыми жолға қойылды. Дегенмен, Адам физиологиясының Қазақстанда іргетасын қалаған А.П.Полосухин болды. Ол Физиологиялық ғылыми-зерт. институтын ашып, алғашқы физиолог-ғалымдарды дайындады. Қазақстан физиолог-дәрігерлері қан айналысы мен лимфа-айналысының реттелу тәртібін зерттеді (І.А.Бірімжанова, Х.Қ. Сәтбаева, Е.Г.Скипина, т.б.). Кейіннен Т.Ш.Шарманов тамақтану физиологиясын дамытты. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, I том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Адам физиологиясы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}