Адам. Қоғам. Заң. (хабар)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

“Адам. Қоғам. Заң” айдарымен 1969-1986 жылдары берілген хабардың авторы - Ғаббас Нәскенов, режиссерлері - Зәру Алшағырова және Пәкизат Ахмерова. Хабардың тақырыптарында облыс тұрғындарының құқықтық мәдениетін көтеру мәселелері қамтылды. КСРО және Қазақ КСР-і конституциясының негіздерінде облыс тұрғындарының шағымдарына жауап ретінде арнайы хабарлар берілді. Қайта құру,жариялылық кезеңінде хабарға облыстың республикаға белгілі қызметкерлері қатыстырылып, кейбір заң қызметкерлерінің қызмет көрсету кемшіліктері сыналды. Облыстың (Павлодар) құқық қорғау органдарының тәжірибелі қызметкерлерінің жұмыс тәжірибелеріне арналған хабарлар эфирден тұрақты ұйымдастырылды. Ұзақтығы - 30 минут.<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: “ҚазАқпарат”,2009, 1-т. — 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>.

Дереккөздер

<references/> 

Тағы қараңыз