Адамның әлеуметтік қажетсінулері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Адамның әлеуметтік қажетсінулері (Социальные потребности человека) — адамның әлеуметтік жағдайлылығын қамтамасыз ететін қажетсінулер тобы. Онымен қамтылатындар: азаматтық бостандықтар (арождан, талап-тілегін еркін білдіру, жүріп-түру бостандықтары, заң алдындағы тендік, т.б.), ертеңгі күніне деген сенімділік дәрежесі (соғыс болып кету, жұмыстан айырылып қалу, ашаршыльгққа ұшырау, бостандығынан айырылып қалу, тоналу қаупінен үрейленушіліктің жоқтығы не бар болуы), этностық тегі мен мәдени деңгейі ұқсас адамдармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі, мәдени құндьілықтарды (кітапханаларды, мұражайларды, театрларды, т.б.) пайдалану мүмкіндігі, негізгі тұрғын жаймен қамтамасыз етілу дәрежесі және оның сапасы, оны ауыстыру не кеңейту мүмкіндігі (теориялық тұрғыдан адамның өз ғұмырында тұрғын жайын 8-ден 15 ретке дейін ауыстырғаны онтайлы деп саналады), жұрттың ығы-жығы тығыздығынан жүйке-психикалық стреске душар болмайтындай кеңістік минимумымен қамтамасыз болу (кезектердің болмауы, қызмет көрсетудің сапасы) және т.б. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғатты қорғау. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001. ISBN 5-7667-8188-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Ecology-stub