Агреман

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Агреман<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9</ref> - (Үлгі:Lang-fr - келісім) - жолдаушы мемлекет дипломатиялық лауазымға тағайындаған тұлғаға қабылдаушы ел билігінің келісімі. Агреман жолдаушы мемлекеттің сыртқы істер министрлігі арқылы тек дипломатиялық өкілдіктің басшысынан ғана жазбаша түрде сұратылады. Агреман жөніндегі жазбалар жария етілмеуі тиіс.

Агреман беруден бас тартқан жағдайда дипломатиялық өкілді жолдаушы мемлекеттің оның себебін түсіндіруді талап етуге қақысы жоқ. Кейбір елдердің дипломатиялық тәжірибесінде агреманды ауызша сұратып, оған ауызша жауап алу фактілері де ұшырасады. Егер агреман берілсе, онда дипломатиялық өкілдіктің басшысы қызметіне үміткер - "persona grata" ("қалаулы тұлға"); Агреман беруден бас тартылса, осы қызметке үміткер - "persona non grata" ("қалаусыз тұлға") болып танылады.

<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Агреман|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}