Автохтонды мәдениет

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Автохтонды мәдениет (Үлгі:Lang-el - жергілікті) - белгілі бір аймақтың ең ежелгі халқының мәдениеті, алғашқы пайда болған жерінен қоныс аудармай, мәдени біртектілікті сақтай алған этномәдениет. Автохтонды мәдениет ұғымы Л.Н. Гумилевтің еңбектерінде жан-жақты карастырылған. Автохтонды мәдениеттің басты қағидалары:

  • этностар биосфераның бір бөлігі болып табылады;
  • адамдар ландшафтыға икемделе бірігеді;
  • әрбір халықтың кеңістік тұтастығы, Отаны бар;
  • адам өз биоценозында, басқалардың емес, өзінің атабабаларының тәжірибесіне сүйене отырып өмір сүреді.

Ландшафтың өзгеруі ұлттық мәдениеттің өзгеруіне әкеліп соғады. Еуразия құрлығын 5 автохтонды этно-мәдени аймаққа бөлуге болады:

  1. муссондық Қиыр Шығыс - конфуцийшілік-буддалық өркениет кеңістігі;
  2. құрғақ Ұлы Дала - көшпелілер мәдениетінің аймағы;
  3. субтропик Таяу Шығыс - мұсылмандық әлем;
  4. орманды Шығыс Еуропа - батыс христиандық кеңістік.

Еуразияның далалық аймағын оның ландшафты мен ауа райына бейімделген автохтонды этностар: түркілер, моңғолдар, угро-финдер, тибеттіктер, т.б. мекендеген. Адамзат тарихында мүлдем оқшауланған, арғы тегін таза сактап калған мәдениеттер сирек кездеседі. Тарихи-мәдени процестер барысында әр түрлі мәдениеттердің тоғысуы, олардың сүхбаттық аймағының үлғаюы өркениеттік даму үшін ыңғайлы болады. Қазақтар Орталық Азияның автохтонды тұрғындары болғанымен, ғасырлар барысында көптеген сыртқы мәдени ықпалдарды да өз бойына сіңірді.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}