Авторлық құқық объектілері болып табылатын туындылар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Авторлық құқық объектілері болып табылатын туындылар 1. Мыналар авторлық құқық объектілері болып табылады:

  1. ) әдеби туындылар;
  2. ) драм және музыкалық драмалық туындылар;
  3. ) сценарий туындылары;
  4. ) хореография және пантомима туындылары;
  5. ) мәтіні бар немесе мәтіні жоқ музыкалық туындылар;
  6. ) дыбыс-бейнежазу туындылары (кино-теле және бейнефильмдер, диафильмдер және басқа кино және телетуындылар);
  7. ) мүсіндеме, кескіндеме, гарфика және бейнелеу өнерінің басқа да туындылары;
  8. ) қолданбалы онер туындылары;
  9. ) сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ өнері туындылары;
  10. ) суретке түсіру туындылары /кәне суретке түсіруге орайлас әдістермен жасалған туындылар;
  11. ) карталар, жоспарлар,нобайлар,безендірулер және географияға, топография мен басқа ғылымдарға қатысты үш өлшемді туындылар;
  12. ) ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;
  13. ) өзге де туындылар.

2. ЭЕМI с арналған бағдарламаларды қорғау ЭЕМ-ге арналған бағдарламалардың (соның ішініе операциялық жүйелердің) бастапқы мәтін мен объектілік кодты қоса алғанда, кез келген тілде және кез келген нысанда жасалуы мүмкін барлық түріне қолданылады. 3. Авторлық құқық объектілеріне мыналар да жатады:

  1. ) туынды шығармалар (аудармалар, өңделген дүниелер, аннотациялар, рефераттар, түйіндер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық өңдеулер және басқа да ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларының өңдеулері);
  2. ) жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және материалдарының іріктелуі және (немесе) орналасуы жағынан шығармашылық еңбектің нәтижесі болып табылатын басқа да құрама туындылар.

Туынды және құрама шығармалар, өздерінің негізге алынған немесе өздеріне енген туындылардың авторлық құқық объектілері болу-болмауына қарамастан, авторлық құқықпен қорғалады.

Дерекөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}