Авторадиография

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Авторадиография (autoradiographies грек, autos — езім, өздігінен; Үлгі:Lang-la — сәуле; грек, grapho — жазамын) — зерттеу нысанындағы (жануарлар немесе өсімдік жасушалары, үлпалары, ағзалары) белгіленген радиоактивті изотоптардың жинақталу мөлшерін талдауға арналған цитологиялық әдіс. Зерттеу нысандарына енгізілген радиоактивті изотоптар жасушалардың, ұлпалардың немесе түрлі ағзалардың жұқа жонындылары бетіне қойылған радиоактивті сәулеленуге сезімтал фотоүлбір эмульциясы қүрамындағы бромды күмістің күмістенуіне, яғни таза күмістің түзілуіне эсер етеді. Радиоактивті заттар күмістенудің негізінде өздерін өздері әртүрлі деңгейде қараю арқылы фотоүлбірге түсіреді. Фотоүлбірдегі қарайған күміс түйіршіктерінің (тіректер) мөлшеріне сәйкес нысандар бөліктеріндегі радиоактивті заттардың жинақталу деңгейін талдап, анықтауға болады. Авторадиография әдісінің көмегімен зерттеу нысандарындағы кейбір заттардың түзілу (синтезделу) орындарын, олардың нысандар ішіндегі тасымалдану жолдарын, протеиндердің және т.б. заттардың құрамын анықтауға болады. Авторадиография әдісі биологияда, медицинада, ветеринарияда қолданылады. <ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Авторадиография|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}