Автомототуризм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Yell tourism 1922 hpc-000573.jpg
Автотуристер Йеллоустоун саябағын тамашалауда
Сурет:Tourists with xe om in Da Lat.jpg
Туристер мотоциклмен саяхаттауда

Автомототуризм – арнайы дайындықты қажет ететін, маршрут ететін жерлердің жағдайына байланысты өтетін (батпақтар, тасты, қарлы жерлер, құмдақ жерлер мен өткелдер, тау жолдары мен тау асулары жорықты күрделендіреді), үлкен қашықтықтарға созылатын, топтық құтқару құралдарының (өpт сөндіргіштер, аптечкалар, қорғаныс шлемдері, қауіпсіздік белбеулері т.б.) болуын талап ететін жорықтарды ұйымдастырып өткізу. Көлік құралы ретінде туризмнің бұл түрі бойынша автомобильдер,мотоциклдер, мопедтер т.б.) қолданылады. Автомототуризм бойынша жарыстар, чемпионаттар өтіп тұрады.<ref>Мазбаев О.Б., Атейбеков Б.Н., Асубаев Б.К., «Туризм және өлкетану неіздері», Алматы: ҚазҰПУ, 2006ж.</ref>. Автомобильмен және мотоциклмен саяхаттар кең қанат жайып отыр. Ол демалыс күндері жергілікті жерлерге жорыққа шығумен ерекшеленеді, мыңдаған шақырым алыс қашықтықтарға сапар шегу қызықты. Автомототуризм жолдан тыс шығу мүмкін болмағандықтан, оған туристтердің дүниетанымын біршама шектеп, тұйықтайды, бірақ қысқа мерзім ішінде еліміздің көптеген аудандарының кең аумағымен таныстырады және жолдан шығып, жан-жаққа қысқа мерзімге жорық жасауға мүмкіндік береді <ref>Саяхат жорықтарын ұйымдастыру мен өткізудің жалпы негіздері»/Оқу құралы/- Алматы,1996 7б.</ref>.

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}