Автоматты электрлік байланыс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Автоматты электрлік байланыс – жетістіктерінің бірі сигнал таратудын сандық мәніндегі (цифрлық) жүйесіне көшуі. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциоклопедия. – Алматы: Қазақпарат, 2009, 1-T. ISBN 978-601-03-0070-5. </ref> "Оның мәнісі хабардың барлық түрін (дыбыстық, жазу-сызба, бейнелік және дидарлық) уақыт бойынша қысқа бөлшектерге бөліп, олардың әрқайсысын сан мәнінде таңбалау". Соның арқасында АЭБ бөгеулікке төзімділігін, дәлдігін, сенімділігін арттыруға болады. Қазақстанның барлық елді мекендері мен халық шаруашылығының жұмыс орындары телеқатынас (телебайланыс) желісімен қамтылған. Республикадағы қалааралық байланыс жолдарынан басқа еліміз көлемінде аса куатты оптикалық талшықты жолдар салынып жатыр.

Оптикалық талшықтың қасиеті сондай, онда адам шашынан да жіңішке әйнектен жасалған бір талшықпен жүздеген мың адам бірден байланыс жасай алады. Осындай арнанын біреуі (ТАЕ-ТрансАзия-Еуропалық магистраль) арқылы Еуропа мен Азия телефон желілеріне тікелей шығуға болады.

Дерекөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}