Автоматты радиометереология станциясы (АРМС)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Автоматты радиометереология станциясы (АРМС) – метеорологиялық элементтерді автоматтық жолмен өлшеп, өлшем нәтижелерін тиісті код арқылы электр импульсіне айналдырып, радиохабарлағыш жабдық арқылы өздігінен эфирге жіберіп тұратын станция. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциоклопедия. – Алматы: Қазақпарат, 2009, 1-T. ISBN 978-601-03-0070-5. </ref>.

АРМС-тер негізгі метеоролог, аспаптар (анероид, биметаллы термометр, флюгер, анемометр) комплексінен, басқару және жұмыс бастатушы механизмдерден, электр беру жүйесінен, радиотолқынын жіберіп тұратын антеннасы бар қораптан тұрады. Жұмыс бастатушы механизм (белгілі уақытта электромотордан энергия алып отыратын контактілік сағаттар) күні бұрын тағайындалған уақытта басқару механизмін жұмысқа қосады. Басқару механизмі радиотолқынын морзе әліппесі арқылы эфирге жіберетін код жүйесін және төрт метеоролог, аспаптың бірінен соң бірін іске қосады.

Радиотолқындар 6 сағ. сайын 6 мин. бойы (2 лмк-тан 3 рет) эфирге таратылып тұрады. Станция электр тогын жерге көмілген сілтілі аккумуляторлардан алады. АРМС-тер көбінесе Арктикада және таулы, батпақты, шөлді т. б. жолсыз, мекенсіз аудандарда орналасады.

Дерекөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}