Автоматтандырылған біртұтас байланыс жүйесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Автоматтандырылған біртұтас байланыс жүйесі – информацияның барлық түрін адам көмегінсіз қабылдап жеткізетін байланыс жүйесі. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциоклопедия. – Алматы: Қазақпарат, 2009, 1-T. ISBN 978-601-03-0070-5. </ref>.

Ол ауылдық, қалалық, облысаралық және магистральдық байланыс жүйелерін біріктіреді. Автоматтандырылған біртұтас байланыс жүйесі әр қаладағы абоненттерді өзара қалалық телефонмен сөйлескендей белгілі санды теру арқылы сол сәтте жалғастырады. Автоматтандырылған біртұтас байланыс жүйесі еліміздің аумағын бірнеше аймаққа боліп, әрқайсысына 3 санды нөмір белгілейді. Бір аймақ абоненті екінші аймақ абонентімен 11 санды нөмірді теріп байланысады. Мұндағы 1 сан қалааралық жүйе нөмірі, кейінгі 3 сан абонент тұратын аймақ нөмірі, ал қалган 7 сан абонент нөмірі. Сонымен қатар Автоматтандырылған біртұтас байланыс жүйесі космостық телевизия, жасанды спутник "Молния", "Орбита" станциясы арқылы программаны ретрансляциялау мүмкіндігін туғызып, телевизия орталықтарын бір-бірімен байланыстырады.

Дерекөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}