Автоматтандыру

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Автоматтандыру — техникалық құрал-жабдықтарды, сондай-ақ энергияны, материалды және ақпаратты алу, түрлендіру, жеткізу (тасымалдау), пайдалану процестеріне адамның тікелей не ішінара қатысуын босататын экономикалық-материалдық тәсілдермен басқару жүйесін пайдалану. Онда:

  1. технологиялық, энергетикалық, көліктік, өндірістік процестер;
  2. күрделі агрегаттарды, кемелерді, өндірістік құрылыстармен кешендерді жобалау;
  3. цехты, мекемені, сондай-ақ әскери құрамалар мен бөлімшелерді ұйымдастыру, жоспарлау және басқару;
  4. ғылыми зерттеулер, медициналық және техникалық диагностикалау, статистика деректерін өңдеу және есепке алу, бағдарламалау, инженерлік есептеу т.б. автоматтандырылады.

Автоматтандырудың мақсаты — еңбек өнімділігі мен өнім сапасын арттыру, жоспарлау, басқару жұмыстарын тиімділендіру, денсаулыққа зиянды жұмыстан адамды босату. Автоматтандыру ғылыми-техникалық прогрестің басты бір бағыты саналады.

Автоматтандыру(Автоматизация) — адамды материалдар, энергия және ақпарат қабылдау, жеткізу, сақтау, өңдеу және пайдалану процестеріне тікелей араласудан толық немесе жартылай босату үшін техникалық, программалық және баска құралдар мен әдістер кешенін пайдалану процесі.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref><ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9</ref><ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар  : «ЭКО» ҒӨФ. 2007 жыл.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0</ref>

Автоматтандыру - энергияны, материал мен ақпарат түрлерін өндіру, тасымалдау және пайдалану үрдісінде адамның тікелей қатысуын толығынан немесе жартылай босатып, оның орнына басқару жүйесін, экономика-математикалық әдістер мен техникалық құралдарды қолдану.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Автоматтандыру|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}