Автолиз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Автолиз (Үлгі:Lang-el — өзім, өздігінен; λύσις — ыдырау, еру) — өздерінің жасуша цитоплазмасы құрамындағы гидролиздік ферменттерінің әсерінен жасушалар мен ұлпалардың (тканьдердің) өздігінен ыдырау процесі; ағзаның немесе жасушаның өз құрамының заттар бөліктерін қорытуы. Автолиз бірқатар физиологиялық процестерге тән және қалыпты тіршілік жағдайында өтіп жататын құбылыс.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3</ref>

Автолиз — жәндіктердің түрөзгеруі (метаморфоз) кезеңінде, оқыс тітіркеніс кезінде кесірткенің кұйрығын өздігінен үзіп тастау (автотомия) құбылысы, өлексенің ыдырауы кездерінде және тірі организмнің өліеттену ошақтарында байқалады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Химияда

Автолиз — өздігінен еру процесі; ферменттердің химиялық әсерінен тіннің еріп кетуін айтады, тірі организмде де, өндірістік процестерде де болады.<ref name=h1>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Химия. Н.Нұрахметов, А.Ниязбаева, Р.Рысқалиева, Н.Далабаева. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 336 бет. ISBN 9965-36-416-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Biosci-stub