Автокод

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Автокод – есептеуіш машина тіліне ен жақын келетін алгоритмдік тіл. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциоклопедия. – Алматы: Қазақпарат, 2009, 1-T. ISBN 978-601-03-0070-5. </ref>.

Алгоритмдік тілде жасалған программаны машина тіліне (немесе керісінше) аудару оңай. Сол себепті программалау да есеп ерекшелігіне емес, есептеуіш машинаның өзіндік тіліне негізделеді. Автокод әрдайым есептеуіш машинаның белгілі бір түріне арналып жасалады. Мыс., АК-1 А-ы "Урал-3" және "Урал-4" электрондық есептеуіш машиналарына программа жасау үшін, ал "Инженер" А-ы (АКИ) "Минск-2" есептеуіш машинасына программа жасау үшін колданылады.

АК-1 Автокодының негізіне халықаралық алгоритмдік тіл "Алгол-60" алынган. Бұл Автокодпен шешілетін есептер бірнеше кезендерден өтеді: есеп шарты Автокод тіліне аударылып жазылып, перфокартаға түсіріледі; ол одан әрі бақылаудан өтіп, тексеріледі де, алфавитті-цифрлы жазу тетігіне жазылады: есептеу программасы жасалып, есеп шешіледі. Автокодтыңтың басты ерекшелігі маман инженер немесе программист математиктің көмегінсіз-ақ кез келген есептеуіш машинаға тапсырма бере алатындығында. Тіл кедейлігі Автокодтың елеулі кемшілігіне жатады. Сондықтан онымен күрделі математикалық есептерді өрнектеп жазуға болмайды.

АКИ Автокодтармен шығарылатын есеп бірнеше қарапайым сөзбен математиқалық және арнайы қабылданған символдармен жазылады. Осылайша жасалған программа есептеуіш машинаға беріледі. Ол берілген программаны арнаулы транслятор арқылы жұмыстық программаға айналдырады.

Дереккөздер

Үлгі:Reflist

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}