Автодром

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Автодром (авто... және Үлгі:Lang-el — "жүгіру орны") — жүргізуді үйрету мен автомобильдерді сынақтан өткізу үшін, сонымен қатар автомобильдік жарыстар өткізу үшін жабдықталған аймақ. Жүргізуді үйретуге арналған автодромға кедергілері мен бөгеттері және габариттік өткелдері бар жол кешені, жаттығу орындауды кадағалау жүйесі және жүргізу негіздері мен тәртібін оқитын, нормативтерді орындайтын орындар мен жаттығу жасайтын тренажерлер кіреді. Техникалық сынақ өткізу автодромында автомобильдердің тактикалық-техникалық сипатын жан-жақты тексеру үшін әр түрлі кедергілер мен күрделі жол бедері болады. Жарысқа арналған автодром тректен, мәнерлеп жүргізу алаңдарынан, автомобильдерге қызмет көрсету бөлмелерінен, гараждардан және басқалардан тұрады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001</ref><ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Әскери іс {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}