Автобөгеу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Автобөгеу, қалыпты жұмыс істеу шарттарының кенет бұзылуынан туындайтын құралдың, машинаның жұмыс режимінің (толық тоқтағанға дейінгі) автоматты түрде өзгеруі, жұмыстың осындай режимін жүзеге асыратын техникалық құралдар жиынтығы. Автобөгеу авариялық жағдайлар туындаған кезде қызметкерлерді қорғау, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолданылады.


Дереккөздер

Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс: Энциклопедиялық анықтамалық. / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 640 б. Қазақша-орысша, орысша-қазақша. ІSBN 9965-893-69-1