Авсюк мұздығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мұздық Авсюк - Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық. Көкжалбас сілемінің шығысы мен Сарқант сілемінің батысы аралығында орналасқан мұздық етегі. Ақшығанақ өзенінің бастауы болып саналады. Мұздық туралы алғашқы ғылыми еңбек 1929-1932 жылдары жазылған. Авсюк мұздығын зерттеумен 1957 жылдан Қазақстан Ғылым академиясының География институты айналысады. 1957 жылы көрнекті ғалым Г.А.Авсюктің есімімен аталған.

Аумағы

Ұзындығы 4,7 км, жалпы аумағы 5,0 км2. 1960-1990 жылдары аралығында мұздықтың ұзындығы 0,1 км-ге қысқарды. Ауданы 0,8 км2-ге, ашық жері 1,3 км2-ге кеміді. Орташа қалыңдығы 70 м-ге, көлемі 0,3 км3-ге дейін азайды. Мұздық басталатын жотаның ең биік жері 4262 м, фирн (мұзқар) алаңының ауданы 2,0 км2. Мұздық тілін бүйірлік мореналар көмкеріп жатыр. Моренамен көмкерілген бөлігі 3170 м-ге дейін төмендеген. <ref>Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер