Авиация медицинасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Авиация медицинасы - медицина ғылымының бір саласы.
Негізгі міндеті - авиация қызметкерлерінің жұмыс ерекшеліктерін зерттеу және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Атап көрсеткенде: ұшқыштар, штурмандар т.б. авиациялық қызметкерлерін медициналық байқаудан өткізіп, олардың бұл қызметке жарамдылығын анықтау, ұшу кезіндегі әр қилы жағдайларға төзімділігін арттыру; иженерлермен бірлесе отырып, экипаж мүшелері мен жолаушыларға қолайлы жағдай жасау, ұшқан тікұшақ кенеттен қонуға мәжбүр болған жағдайда ондағы адамдарды аман сақтауға қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету; ұшып келе жатып теңіз айдынында, тау ішінде, шөл далада апатқа ұшыраған тікұшақ экипажы мен жолаушылар үшін медициалық шаралар мен жолаушылар үшін медициналық шаралар кешенін жасау; зымырандарда, ғарыш кемелерінде ұшқан кезде адамның тіршілік қажетін қамтамасыз етіп, өте жоғары қысымнан қорғайтын киімдердің тиімділігін зерттеу т.б.
Тікұшақтардың ұшуы кезіндегі қысым өзгерісі, ұшу бағыты мен жылдамдығының кенеттен құбылуы және орталықтан тепкіш күштің өзгеруі - қан мен лимфаға, орталық жүйке жүйесіне әсерін тигізеді. Осыған орай, Авиация медицинасында ұшқыштардың еңбек ету, тынығу, ұйықтау және тамақтану жағдайларын жақсарту мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді.

Дереккөздер

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998