Авиациялық приборлар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Авиациялық приборларұшақтың бақылау, өлшеу және басқару қызметін атқаратын құрал-жабдықтары.

Авиациялық приборлар ұшқыш кабинасындағы прибор тақтасына, ұшқыштың, штурманның, бортмеханиктің, басқа да экипаж мүшелерінің алдына ыңғайлы етіп орналастырылады. Атқаратын жұмысына қарай моторлық, пилотаждық-навигациялық және көмекші авиациялық приборлар болып бөлінеді. Моторлық авиациялық приборлар тобына поршеньді қозғалтқыштың иінді білігі немесе раективті қозғалтқыштың газ турбинасы роторының айналу жылдамдығын көрсететін тахометрлер, қозғалтқыштың температуралық режимін анықтайтын термометрлер және оның пневматикалық жүйесіндегі ауа қысымын көрсететін манометрлер мен вакуумметрлер, қозғалтқышқа баратын ауа мен жанармай қоспасының сапасын білдіретін альфаметрлер, сондай-ақ жағар және жанармай өлшеуіш аспаптар енеді. Пилотаждық-навигациялық авиациялық приборларға авиа-компас, гироскопты жартылай компас, ауа жылдамдығын көрсеткіш, биіктік өлшеуіш, вариометр, авиакөкжиек, ал көмекші авиациялық приборларға автопилот, автоштурман сияқты дербес жұмыс атқаратын тетіктер жатады.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Авиациялық приборлар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}