Аввакум Петрович

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Avvakum by Myasoyedov.jpeg
Аввакумың отқа өртелуі, П.Е.Мясоедов,1897

Аввакум Петрович (25.11.1620-14(24).04.1682) -протопоп, шіркеу жікшілерін басқарушы, православие дінінің ескі дәстүрлерін жақтаушы, ірі қайраткерлердің бірі, жазушы.
Патриарх Никонның шіркеу реформаларына қарсы шыққаны үшін 1653 ж. Сібірге айдалды.
1663 ж. Мәскеуге шақырылды. Бірақ өз көзқарасынан таймады, шіркеу жаңалықтарына қарсы күресті күшейтті.
1666 ж. шіркеу сотына тартылып, свящеик атағынан айрылды.
1682 ж. патша үкімі бойыша отқа өртелді.
Аввакум 43 діни және әдеби шығарма жазды. Оның ең ірілері

  • "Кеңесу кітабы"
  • "Түсінік беру кітабы",
  • "Өмір сүру".

Дереккөздер

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998