Авань
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Авань ("Гавань" сөзінен шыққан) – Қызылорда облысының Арал ауданында болған ауыл.
Географиялық орны
Арал теңізінің солтүстік бөлігіндегі Көкарал аралының жағасында орналасқан.
Тарихы
Қазақтардың отырықшылыққа көшіп, балық шаруашылығымен айналысуына байланысты 1927 жылы салынған. Балық зауыты, орта мектеп, аурухана, клуб, кітапхана, киноқондырғы болған.
Халқы
Тұрғыны 1970 жылы 0.6 мың адамнан тұрған. <ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы 1 том</ref>