Абысын шай

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Абысын шәй - ауылдың ерлері мен үлкендері жоқ кезде, ауыл әйелдерінің қолы босаған сәтте бір үйге жиналып, шай ішіп, өзара сырласуға мүмкіндік беретін кездейсоқ болатын басқосу. Оған белгілі ортада қауым болып өмір сүретін қазақ ауылдарының көбіне көңілжақын, сыйлас абысындар жиналатындықтан, бұл салт абысын шай деп аталған.<ref>Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Алматы: Атамұра, 2010</ref>

Оның қынамендеден өзгешелігі - әдетте күндізгі уақытта өтетін салт алдын ала жоспарланып, арнайы ұйымдастырылмайды және сауық құрып, өлең айтып, көңіл көтеруге уақыттың тарлығы мұрсат бермейді.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>


Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub