Абылай хан ескерткіші (Мойынқұм)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Абылай хан ескерткіші - Мойынқұм ауданының орталығындағы алаңда әкімшілік үйінің алдында орналасқан. Авторлары А.Орманов, К.Қоралсбаев.

Абылай хан басқарған Шу өңірі қазақстарының Шудың төменгі бөлігінде (Қоқый мекенінде) қырғыздармен болған шайқастағы жеңістің 230 жылдығы құрметіне 1999 ж. орнатылған. Бетоннан құйылған жартылай мүсін қола түске боялып, тұғыры гранит поиталармен қапталған. Байсалды түрдегі Абылай хан қолына аса таяғын ұстап алысқа көз салып отырған кейіп байқатады. Ескерткіштің жалпы биіктігі 3, 65 м.

Дереккөз

<ref>"Тараз, Жамбыл облысы" энциклопедиясы, Алматы 2003</ref>