Абылай хан ескерткіші
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Абылай хан ескерткіші — Көкшетау қаласында орнатылған. 1999 жылы Абай көшесі Орталық алаңда, облыс әкімшілігінің ғимаратына қарама-қарсы салынған. Ескерткішті сомдаған мүсінші — Ю.Баймұқашев, архитектор — Т.Жұмағалиев. Үстіне шапан жамылған, басына биік бөрік киген, кеудесінде хан мөрі ілінген бейне түрінде кескінделген. Қас бетінде : «Абылай 1711 — 1781 ханға мәңгі риза халықтан» деген жазуы ойылып жазылған. Ескерткіш биіктігі — 5 м, тұғыры — 14 м қоладан құйылған.
Сурет:Кокшетау.jpg
Көкшетау қаласы,Абылай хан алаңы].