Абылай Хангерейұлы Айдосов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Абылай Хангерейұлы Айдосов (12 қараша, 1936 жылы туған, Ресей, Челябі облысы Полтава ауданы Георгиевка с.) – қайраткер, ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор (1994). Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Өмірбаяны
- Еңбек жолын бастауыш мектептің мұғалімі болып бастады.
- Қызылорда педогогикалық институтын (Қорқыт Ата атында Қызылорда мемлекеттік университеті) бітірді (1959).
- 1960 – 71 ж. институт комсомол комитетінің хатшысы
- Қызылорда облысы комсомол комитетінің нұсқаушысы,
- Тереңөзек аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы
- Оңтүстік Қазақстан өлкелік комсомол комитетінің хатшысы
- Қызылорда облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарды.
- 1971 – 73 ж. Мәскеудегі Қоғамдық ғылымдар академиясында оқыған.
- 1973 – 96 ж. Қызылорда қалалық партия комитетінің екінші, бірінші хатшысы, облыс әкімшілігінің ішкі саясат бөлімін басқарды.
- Халықаралық Қорқыт Ата мұрасын зерттеу орталығын басқарды.
Қосымша лауазымдар
- «ХІ ғасыр және Арал» қоғамдық бірлестігінің және "Тұран" түрік әлемі тарихи және мәдени орталығы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
Ғылыми еңбектері
- 80-нен астам ғылым еңбектері жарық көрген.
Марапаттары
- Екі «Құрмет белгісі» ордені
- медальдармен марапатталған.
- «Қызылорда қаласының құрметті азаматы» (2000).<ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>
Дереккөздер
Санат:
- 12 қарашада туғандар
- 1936 жылы туғандар
- Челябі облысында туғандар
- Қазақстан тарихшылары
- Тарих ғылымдарының кандидаттары
- Орқыт Ата атында Қызылорда мемлекет университеті түлектері
- Қызылорда қалалық партия комитетінің бірінші хатшылары
- Қазақстан журналистері
- Құрмет Белгісі орденінің иегерлері
- Қызылорда қаласының құрметті азаматтары