Абылайдың асында шаппағанда, атаңның басында шабасың ба!

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

"Абылайдың асында шаппағанда, атаңның басында шабасың ба!" - қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркесі. Абылай ханның қамкөңіл ел билеуші, шебер қолбасы, жаужүрек батыр, асқан дипломат ретінде, әсіресе, өз елінің арасында орасан зор беделге ие болғаны белгілі. Ханның есімі көзі тірісінде-ақ отан сүйгіштік пен даналықтың, ерлік пен мәрттіктің символына айналды, сан алуан жыр жолдары мен аңыздардың басты кейіпкері болды.

1781 жылы Қызылжар өңірі Қараой деген жерде Абылай ханның аруағына бағышталып өткізілген дүбірлі ас беру халықаралық деңгейге көтерілді. Оған орыс, қырғыз, қытай, қалмақ, қарақалпақ сияқты көрші жұрттардың игі жақсылары қатысты. Осынау ұлы жиын қазақ елінің бар ғұмырын халқының тәуелсіздігі жолына жұмсаған өзінің кемеңгер де, жаужүрек оғланына деген риясыз құрметінің ерекше символы болды. Ас беру барысында Уәлидің ақ киізге көтеріліп хан сайлануы ұлы ханның беделінің өз елінің арасында ғана емес, халықаралық деңгейде де ерекше болғандығын айғақтайды. Деректерге қарағанда, ат жалын тартып мінген әрбір қазақ баласы Абылай ханның аруағына бағыштап ас беруге қатысуды өзіне парыз санаған.

Ас беру үрдісінің апогейі - бәйгеге ат қосу ұлы ханның аруағына тәу етудің ең үлкен белгісі болды. Абылай ханға деген бүкіл халықтық риясыз сүйіспеншіліктің және мәрттіктің символына айналған «Абылайдың асында шаппағанда, атаңның басында шабасың ба!», - деген әйгілі тәмсіл сөз осыдан қалған..<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Абылайдың асында шаппағанда, атаңның басында шабасың ба!|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}