Абызтөбе

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Абызтөбе – көне қаланың орны. Сырдария өзенінің орталық ағысының сол жағында, Келінтөбе аталатын көне қала жұртынан солтүстікке қарай 25 километр қашықтықта орналасқан. 1969 жылы Отырар археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. М. Байпаков) зерттеген. Қала жұртының қазіргі көрінісі, солтүстік-батыстан — оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатқан, ұзындығы 105 м, көлденеңі 30 м, биіктігі 5 м, ұзын төртбұрышты жота. Төбесі тегіс. Қалаға кіретін қақпаның орны оңтүстік жағында орналасқандығы байқалады. Жиналған құмыралардың сынықтары бойынша ғалымдар қаланың біздің заманымыздың1 ғасырдағы өркениет орталығы болғанын дәлелдеді.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

  • Қазақ ұлттық энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}