Абстракционизм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Абстракционизм (Үлгі:Lang-en — дерексіздік, бөлініс, оқшаулық) — қазіргі заман өнеріндегі қоршаған ортаны бейнелеуде нақты қаттарды ескермейтін ағым. Абстрактілі өнер шындықты тiкелей керсетпейтiндiктен, оны кейде «затсыздандырылған», деп айтады.

Ол үшiн бейнеленетiн нерселердiң көркемдiк бiтiмдерi (кеңiстiктегi формалары, аумағы, бояуы,т.б.) маңызды емес, бiрiншi орынға суреткер-тұлғаның субъектiлiк көңiл-күйi шығады.

Абстракционизм 1910 ж. Мюнхенде, Амстердамда, Мәскеуде шамамен бiр уақытта қалыптасты да, 1930 ж. Париж бен Нью-Йоркте кеңiнен өрicтедi. Абстрокционизмнің эстетикалық бағдарламасын 1910 ж. В.Кандинский «Өнердегi руханилық туралы» еңбегiнде айқындап бердi.

Абстракционизм eкi бағытта дамыды: оқыс бояулар мен кескiндердiң қиюласуын үйлесiмдi етуге ұмтылу жене геометриялық абстракцияларды құрастыру.

Бiрiншiсi экспрессионизм және фовизм тәрiздi ағымдармен түбiрлес болып, түcті заттық шындықтан толық ажыратқысы келдi.

Осы бағытта Оп-Арт деп аталатын, бояудың қиюластығын елестететiн музыкалық және басқа да ассоциациялардан туатын синестезия идеясына негiзделген aғым пайда болды. Бұл түрдегi абстракционизмнің кубизммен ортақ шыққан тегі бiр болғанымен, одан айырмашылықтары да болды. Абстракционизмнің осы бағытының тармақтары бiрнеше: М.Ларионовтың сәулешiлдiгi, К.Малевичтiң супрематизiмi, Л.Попованың стиль тобы.

1917 жылы Голландияда жаңа пластицизм идеясын ұсынды: геометриялық бiтiмдердiң анықтылығы, айқындылығы және қарапайымдылығы табиғат ретсiздiгiнен жоғары тұрады. Абстракционизмнің кейбiр көpiнicтepi дадаизм мен сюрреализм өкiлдерiнiң кейбiр шығармаларынан байқалады. Eкi дүниежүзiлiк coғыc арасында Францияда әр ұлттың және әр бағыттың өкiлдерiн бiрiктiрген абстракционизм топтары болды: «Нақты өнер», «Шеңбер мен төртбұрыш», «Абстракция мен шығармашылық».

50 жылдан бастап АҚШ-та «абстрактi экспрессионизм» (М.Ротко, Л.Горки, Дж.Поллок т.б.) деп аталатын, өз әдicтерiн «таза психологиялық автоматизм» деп жариялаған мектептер пайда болды.

Абстракационист — кескiндемешiлер заман динамикасын бiлдiретiн өзiндiк әдicтер мен тәсiлдер қалыптастырды, олар бүгiнгi күні дизайнда, театр, кино мен теледидарда және бөлмелер интерьерi мен қызметтiк офистердi көркемдеуде кең қолданыс тауып келеді. Көркемдік форманың қандай да кқріністерінен (фактура, аумақ, бояу) бас тартқан абстракті өнердің алғашқы үлгілерін Германияда В.В.Кандинский, Францияда Р.Депоне, Испанияда Ф.Пикабия, Ф.Купха, Ресейде К.С.Малевич, М.Ф.Ларионов, Н.С.Гончарова, Нидерландтағы жаңа пластикалық өнер өкілдері П.Мондариан, Т. ван Дусбюр] т.б. жасады. 1-дүние жүзілік соғыстан кейін Абстракті өнер көріністері дадаизм мен сюрреализм өкілдерінің жекелеген шығармаларынан байқалды. Сонымен бірге архитектурада, безендіру өнерінде бейнесіздікке ұрыну, математикалық және инженерлік талаптарға бағынатын құрылыстар салу бағыты пайда болды (“Стиль”, “Баухауз” топтарының тәжірибесі). 1930 жылы басында негізінен Францияда әр ұлттың және әр бағыттың суреткерлерін біріктірген абстракті өнер топтары болды (“Нақты өнер”, 1930 ж; “Шеңбер мен төртбұрыш” 1930; “Абстракция және шығармашылық” 1931 жылы). Бірақ абстракті өнер ол кезде кең қанат жая алмады, 30 жылдардың ортасында бұл топтар ыдырап кетті. 2-дүние жүзілік соғыс жылдарында АҚШ-та “абстракті экспрессионизм” (кескіндемешілер Дж.Поллок, М.Тоби т.б.) деп аталатын, өз әдістерін “таза психологиялық автоматизм” деп жариялаған, оқыс бояулар мен кескіндердің қиюласуын дәріптеген мектептер пайда болды. 50 жылдары абстракті өнер көркемөнердегі негізгі түрлердің біріне айналды. 60 жылдардың ақырына дейін Абстракті өнер ресми танылған жоқ, сыңаржақ бағаланды. Қатаң идеологиялық қысымға қарамастан абстракті өнердің әр түрлі бағыттары пайда болды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті