Абстрактілі өнер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Абстрактілі өнер (дерексіз өнер, көрсетілімсіз өнер) (abstract art; nonobjective art; nonrepresentational art) сурет, мүсін және графика өнер түрлерін өз ішіне қамтитын, белгілі затты бейнелемей көрсететін өнер. ХІХ ғасырдың соңында өнердің дәстүрлі еуропалық тұжырымдамасы бұрынғы табиғатқа еліктеу арқылы шығарма тудыратын тәсілден бас тартып, елестету, ойлау арқылы ұғынатындай шығарма үлгісін жасауға бет бұрады. Абстракция XX ғасырдың басында фовизм,экспрессионизм, кубизм, футуризм сияқты ағымдарымен мықтап дамыды. В. Кандинский, көпшілік пікірінше, нағыз абстрактілі сурет (1910) салған ең бірінші заманауи суретші болып саналады. Нидерландияда П.Мондриананың «Стиль» тобы бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар аралығында абстрактілі өнердің ауқымын кеңейтті. 1930 жылдары өнердің бұл түрі батыс әлемінде ерекше сипатты өнер ретінде қабылданды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ-та еуропалық және америкалық бейнелеу және мүсін өнеріне үлкен әсерін тигізген абстрактілі экспрессионизм пайда болды. XXІ ғасырдың бас кезі көркемдік өнімдер шоғырының әртүрлілігімен, алуан өнер түрлерімен ерекшеленеді және абстрактілі өнер түрі фигуралық және тұжырымдамалық шығармашылық түрлерімен бірге бір қатардан орын алады.<ref>Encyclopedia Britannica ISBN 978-5-17-038532-4</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Абстрактілі өнер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}