Абсентеизм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Абсентеизм - (лат. absens, absentis) - қатыспаушы - сайлаушылардың сайлау кезінде саналы түрде дауыс беруге қатыспауы.

Билік етіп отырған басқару түріне, саяси тәртіпке енжар наразылығы, өзінің құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруда селқостық танытуы. Кең мағынада адамдардың саяси өмірге "менің ісім емес", "менің даусымнан ештеңе өзгермейді" деп немқұрайлықпен қарауы. Үйреншікті санада абсентеизм "саясаттан шаршау" түрінде көрініс табады. Бұқаралық абсентеизм қоғамды басқарудың демократиялық тетіктерін күйретіп, халықты айлалы әрекеттердің нысанына айналдыруы, "жоғарыға" тәуелді, самарқау тұлғаларды қалыптастыруы әбден мүмкін. Абсентеизм дамыған немесе дамушы демократиялық, тотаритарлық және т.б. кез келген қоғамда болуы мүмкін. Ол сая¬си институттардың тиімділігіне күмәнмен қарау, саяси мәдениеттің төмендігі және т.б. себепті болуы мүмкін.ҚР Конституциясына сәйкес, азаматтардың саяси құқықтарын еркін пайдалануларына шек қойылмайды, сонымен қатар олар саяси өмірге араласпауға, одан бас тартуға ерікті.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}