Аболин мұздығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мұздық

Аболин мұздығы Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік беткейінде орналасқан қазаншұңқырдағы мұздық. Бүйен өзенінің жоғары бөлігінде, Орман Бүйен өзенінің бастауында орналасқан. Мұздық 1958 жылы Орта Азияны зерттеуші ғалым Р.И. Аболин есімімен аталды.

Жер бедері, аумағы

Мұздық солтүстікке қарай созылып жатыр. Климаттың біртіндеп өзгеруіне байланысты мұздық кішірейе келіп, үш бөлікке бөлінді. Ең ірі бөлігінің ұзындығы 4,7 км, ашық жерінің ұзындығы 3,3 км. Жалпы аумағы 4,6 км2. Ашық жерінің аумағы 4,0 км2. Фирн алаңы 1,7 км2, фирн сызығы 3540 м биіктіктен өтеді. Мұздықтың теңіз деңгейінен ең биік жері – Аболин шыңы (4051 м). Мұздық бүйірлік биік моренамен көмкерілген. Оның астыңғы шеті 3100 м-ге дейін түріліп, бастапқы ұзындығынан 40 метрге шегінді. Мұздықтың орташа қалыңдығы 90 м, көлемі 0,36 км3. <ref>Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Аболин мұздығы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}