Абиогенез

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Абиогенез (Үлгі:Lang-elболымсыздық, жоққа шығару, bіosтіршілік, genesіs — пайда болуы), жансыздан өрбу — тірі табиғатта ферменттердің қатысуынсыз организмнен тыс пайда болатын органикалық қосылыстар; кең мағынасында — эволюциялық даму барысында тіршіліктің яғни тірі организмнің органикалық емес заттардан пайда болуы жөніндегі теория; организмнен тыс, тірі табиғатта ағзадан тыс, ферменттердің қатысуынсыз таралған органикалық қоспалардың қалыптасуы.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3</ref>

19 ғасырдың ортасына дейін ғылымда тіршілік өзінен-өзі пайда болған, өлі заттардан күрделі құрылымды тіршілік иелері шыққан деген ұғым сақталды. Бірақ 18 ғасырда италиялық ғалымдар Ф. Реди, Л. Спалланцани, француз ғалымы Л.Пастер бұл ұғымның қате екенін өздерінің ғылыми еңбектерінде дәлелдеп берді. Абиогенез теорияларының ішіндегі көбірек таралғаны — А.И.Опарин теориясы. Қазіргі кезде ғалымдар жер бетінде тіршіліктің пайда болуы, ерекше ғасыр дәуірде басталған күрделі де ұзаққа созылған процесс болғанын мойындайды. Жер бетінде қалыптасқан сол дәуірдегі жағдайларды жасанды түрде тудыру арқылы 20 ғасырдың ортасында тәжірибе жүзінде белок тектес және басқа да органикалық заттардың абиогенді синтезі жүзеге асырылды. Тіршілік— табиғи дамудың белгілі бір кезеңінде пайда болған материя қозғалысының ерекше түрі. Мұндай қозғалыстағы материя даму барысында алуан түрлі кезеңнен өтеді де, барған сайын күрделене береді. <ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref><ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов.

– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}