Абзал Бөкенов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Абзал Бөкенов 1949 жылы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданының Нарманбет (Қарасу) ауылында дүниеге келген. 1972 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді. Облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде (19721973), «Жалын» баспасында (19901991), «Егемен Қазақстан» (19871990) және халықаралық «Түркістан» газеттерінде (19911997) қызмет істеді.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Өмірбаян

Абзал Бөкен 1949 жылы 1 ақпанда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы, қазіргі Нарманбет ауылында дүниеге келді. Сегізжылдық мектепті осында бітіріп, орта білімді Балхаш қаласындағы Абай атындағы мектепте 1966 жылы тамадады. Бұдан кейін екі жылға жуық ауылында әртүрлі жұмыстар атқарды. Осы кезде алғашқы балауса жырларын жазып, оны аудандық «Арқа еңбектері», облыстық «Орталық Қазақстан» газеттерінде жариялата бастады. Ақынның тұңғыш өлеңі1967 жылы «Арқа еңбектері» газетінде «Уақыт» деген атпен жарық көрді. Қаламгер жерлесіміз 1985 жылы Алматыға қызмет ауыстырып, әуелінде «Жалын» баспасында, кейін республикалық «Егемен Қазақстан», халықаралық «Заман Қазақстан», «Түркістан» газеттерінде және «Парасат» жуналында жауапты жұмыстар атқарды. Абзал Бөкен бірнеше дүркін республикалық және одақтық жас жазушылар кеңесінің қатысушысы. «Жалын» жабық конкурсының лауреаты, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі ақын Абзал Бөкенге 60 жасқа келуіне сәйкес 2009 жылдың тамыз айында«Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы» деген атақ берілді

Шығармалары

«Бастау» (1979), «Жалғыз желкен» (1986), «Ғасыр қанатында» (1988), «Салбурын» (1991), «Сүмбіле» (1992), «Шың мен шыңырау» (1999) жыр кітаптары жарық көрген.

Жетістіктері

Қазақстан Республикасы Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}