Абжад

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Абжад, ә б ж ә д, ә б ж ә т — көне араб алфавитінің өзгеше тізілу ретін көрсететін ойдан шығарылған 8 сөздің (“абжад”, “һаууаз”, “хұтти”, “каламан”, “сағфас”, “қарашат”, “саххаз”, “зазағ”) жалпылама аты. Бұл сөздердегі әріптердің жалпы саны 28 болып, әрбір әріп тұрақты бір санды білдірген: (а) — 1; (б) — 2; (ж) — 3; (д) — 4; (һи) — 5; (у) — 6; (зи) — 7; (ха) — 8; (тай) — 9; (иә) — 10; (к) — 20; (л) — 30; (м) — 40; (н) — 50; (с) — 60; (ғәйін) — 70; (ф) — 80; (сат) — 90; (қ) — 100; (р) — 200; (ш) — 300; (ти) — 400; (си) — 500; (хи) — 600; (зәл) — 700; (зат) — 800; (зай) — 900; (ғайын) — 1000. Абжад есеп шығаруға (көбейту кестесіне), кез келген санды әріптермен беруге, сөзді цифрмен жазуға пайдаланылған.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref> Араб алфавитіндегі әріптерді бір-біріне қосып оқудың әліп-биден (алфавиттен) кейінгі бірінші әліппе тексі де Абжад деп аталған. Абжад ертедегі мұсылманша мектептерде оқытылған. Классикалық поэзияда да пайдаланылып, кейбір маңызды оқиғалардың болған жылдарын әріптер арқылы белгілеуге жұмсалған. Абжадқа негізделіп жасалған шынар бейнелі (“хат-сарви”) жазу жүйесі де болған.

Дереккөздер

  • Қазақ ұлттық энциклопедиясы

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}