Абд әл-Қадыр
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сурет:Abd al-Qadir.jpg
Абд ул-Қадыр Дамаскіде
Абд әл-Қадыр (Абд әл-Қадар (Кадир), Насыр-ад-дин ибн Мұхиддин әл-Хасани Үлгі:Lang-ar; [[6 (6.9.1808 — 25.5.1883, Дамаск) — Алжир халқының Франция отаршыларына қарсы күресінің (1832 — 47) көсемі, қолбасшы, ғалым, ақын.
- Алжир халқы 1832 ж. АБД ул-ҚАДЫР-ды сұлтан, кейін әмір сайлады.
- 1832 — 34 жылдардағы француздарға қарсы көтерілісте үлкен жеңістерге жетті. Франция 2 жылға бейбіт бітім жасауға мәжбүр болды.
Алжирдің ішкі бөлігінде әмірлік құрылды. АБД ул-ҚАДЫР елде реформа жүргізіп, мектептер аштырды, сирек кітаптар мен қолжазбаларды жинатты, тұрақты армия құрды, бекіністер салдырып, қару-жарақ жасаттырды.
- 1835 ж. қайта жанданған соғыста француз әскерлері тағы жеңіліс тапты.
- 1837 ж. 30 мамырда әмір билігіне Алжир жерін түгел дерлік қайтаруға мәжбүр болған шартқа қол қойды.
- 1843 ж. француздар келісімді бұзып, Алжирге қайта шабуыл жасады.
- 1847 ж. олар Алжир жерін түгелдей басып алды.
- АБД ул-ҚАДЫР 1847 — 52 ж. Францияда тұтқында болды. Босағаннан кейін Дамаскіде тұрды.
- Дамаскіде 1860 ж. француз жансыздары ұйымдастырған христиандарға қарсы бүлікте АБД ул-ҚАДЫР жауласқан екі жақты арашалап, 1,5 мың христианның өмірін аман алып қалды. Бұл үшін оны Франция үкіметі Құрметті Легионның үлкен кресімен, Ресей Ақ Қыран орденімен марапаттады.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>