Абдылас Малдыбаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Музыкант Абдылас Малдыбаев – (1906 жыл 7 шілде, Қырғыз КСР, Кемин ауданы – 1971 жыл) – қырғыз кеңес композиторы, әнші (тенор), КСРО халық әртісі (1939). 1939 жылдан КОКП мүшесі.
Еңбек жолы
- 1929 жылы музыка-драмалық театр (қазіргі Қырғыздың опера және балет театры) труппасына қабылданды.
- 1947-50 жылдары Мәскеу консерваториясында Г.И.Литинскийдің және В.Г.Ференің класында оқыды. Ол В.А.Власов және В.Г.Феремен бірге «Ажал орнына» (1938), «Айжүрек» (1939), «Манас» (1939), «Тоқтағұл» (1958) атты тұңғыш музыкалық драмалар мен опералардың авторы.
- 1966 жылы Қырғыз КСР-і гимнінің авторы. Ол аталмыш туындыларда басты партияларды орындады. Малдыбаев қырғыз кеңес музыкасының негізін салушы өнер қайраткерлерінің бірі.
- 1939-67 жылдары Қырғызстан Композиторлар одағының төрағасы.
- 1-сайлаудағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің және 2,4-сайлаулардағы Қырғыз Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
Марапаттары
Ленин орденімен және басқа 4 орденмен марапатталған. <ref> Қазақ Совет Энциклопедиясының бас редакциясы. 1975 </ref>