Абдуғопур Құтлуқов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Абдуғопур Құтлуқов - 1940 жылы 1 қыркүйекте Қытай Халық Республикасының Құлжа қаласында туған. 1962 жылы Үрімші қаласындағы педагогикалық институттың филология факультетін бітірген. 1962—1969 жылдары Шелек ауданы (Алматы облысы), Байсейіт ауылындағы мектепте ұйғыр әдебиеті мен тілінен сабақ беріп, ұстаздық еткен. Кейін «Йеңи һаят» республикааралық ұйғыр газетінде бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған. Алғашқы өлеңдері орыс газеттерінде жарық көрген. Ақынның топтама жырлары орыс, қазақ, қарақалпақ, өзбек тілдеріне аударылған.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Шығармалары

  • Гүл мен жан. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1969;
  • Зайтуна. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1971;
  • Асия. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973;
  • Ержүректер. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1977;
  • Чимангуль. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1979.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}